+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz



  • ФДО деген не?
Фискалдық деректер операторы (ФДО) – бұл фискалдық деректерді мемлекеттік кірістер органдарына (салық комитеті) тапсыру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. ФДО қызметтері 5 жыл бойы қабылдауды, фискалды етіп жасауды, сақтауды және чектер мен Z-есептер бойынша ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне беруді қамтиды.
  • kOFD-ке 5 қадаммен қалай қосылуға болады?
1-қадам: kofd.kz. порталында тіркелу
2-қадам: Сауда нүктесін тіркеу.
3-қадам:Өз кассаңызды жеке кабинетте тіркеу.
4-қадам: Кассаны SIM карта немесе жерүсті байланыс арнасы арқылы қосу.
5-қадам: kOFD-да кассаға касса сәйкестендіргішін (id, тіркеу нөмірі және токен) енгізіп, жұмысты бастаңыз.


Сондай-ақ, сіз әрбір компания үшін жеке ЭЦҚ болған жағдайда , бірнеше компанияны бір кабинетте тіркей аласыз. Жеке кабинетте тіркелу туралы толық және қадамдық ақпарат алу үшін "kOFD пайдаланушы нұсқаулығы" файлын жүктеп алыңыз.
  • kOFD-да тіркеу аясында ЭЦҚ қойылатын талаптар
- ФДО жүйесіне қосылу үшін ХҚКО-да немесе http://pki.gov.kz/index.php/ru/poluchenie-klyuchej-etsp. порталында ЭЦҚ алу қажет
Бұдан әрі «kOFD-ке 5 қадаммен қалай қосылуға болады» орындау қажет болады
- Кассалық аппаратты ЭЦҚ-сыз kOFD-ке тіркеу мүмкін емес
ЖК үшін RSA кілті, З.Т. үшін GOST кілті
- Бір ұйымның бірнеше кассалық аппараттарын тіркеу үшін тиісті ұйымның ЭЦҚ болуы жеткілікті.
  • Шартты қалай жасау керек?
kOFD -пен жасалған шартқа тіркеу процесі кезінде (оферта шартын қабылдау) қол қойылады. Қол қою Интернет арқылы қашықтан жүзеге асырылады. Шарт жария шарт болып табылады және оны абонент өзгерте алмайды. Шарт жария болғандықтан, мөр мен қол қою талап етілмейді.
  • kOFD қызметіне қалай ақы төлей аламын?

Төлем пайдаланушының БСН/ЖСН бойынша жүргізіледі.

kOFD қызметтеріне төлемді Сіз келесі тәсілдермен іске асыра аласыз:

  1. Халық банк бөлімшесі арқылы - ақша қаражаттарын аудару 2 жұмыс күні ішінде іске асырылады.
  2. kofd.kz сайтында (интернет банкинг) онлайн Балансты толтыру - ақша қаражаттарын аудару төлем жасалған сәтте іске асырылады, ең жылдам төлем жасау тәсілі.
  3. Qiwi сервисі арқылы - ақша қаражаттарын аудару төлем жасалған сәттен бастап іске асырылады, ол, ол үшін терминалдың бас мәзірінде “ФДО” батырмасын таңдау керек.
  4. Kaspi.kz арқылы - ақша қаражаттарын аудару төлем жасалған сәтте іске асырылады. Kaspi.kz-те төлемді комиссиясыз жүргізе аласыз, ол үшін “Төлемдер” бөліміндегі “Қаржы қызметтері” батырмасын таңдап, “ФДО” бөлімшесінен «KOFD» таңдаңыз.
  • Бақылау-касса машиналарының тізілімі
  • WEBKASSA 3.0 аппараттық-бағдарламалық кешені
  • WEBKASSA 2.0 аппараттық-бағдарламалық кешені
  • WEBKASSA 1.0
  • Бақылау-кассалық машина WEBKASSA 1.0 Аппараттық-бағдарламалық кешені
  • BKASSA аппараттық-бағдарламалық кешені
  • WK-3C-FR аппараттық-бағдарламалық кешені
  • DPG-150 FKZ порты
  • Ломбардтар мен шыны ыдыстарды қабылдау пункттеріне арналған DPG-25ФКZ порты
  • Ломбардтар мен шыны ыдыстарды қабылдау пункттеріне арналған DPG-35 ФКZ порты
  • DPG-25FKZ порты валюта айырбастау пункттерінің нұсқасы
  • DPG-25 FKZ ПОРТЫ
  • DPG-35FKZ порты валюта айырбастау пункттерінің нұсқасы
  • ПОРТ-600Ф
  • ПОРТ-100Ф
  • ПОРТ-1000Ф
  • FPG-350 FKZ ПОРТЫ
  • FPG-1000 FKZ ПОРТЫ
  • FPG-60 FKZ ПОРТЫ
  • FPG-300 FKZ ПОРТЫ
  • PPG FPG-60 FKZ
  • МР-55В ФКZ порты ломбардтар мен шыны ыдыстарды қабылдау пункттеріне арналған ФДҚ нұсқасы
  • ПОРТ МР-55В ФКZ ФДҚ нұсқасы
  • Minika 1102 ФКZ (Онлайн KZ нұсқасы)
  • Меркурий - 115 ФКЗ (Онлайн KZ нұсқасы)
  • LIGHT KASSA аппараттық-бағдарламалық кешені
  • EXPERT SX нұсқасы Online KZ
  • PERFECT S нұсқасы Online KZ
  • PERFECT M ЛОМБАРД (Online KZ нұсқасы)
  • PERFECT M нұсқасы Online KZ
  • "ФИСКАЛИЗАТОР" аппараттық-бағдарламалық кешені 1.0 нұсқасы
  • Бағдарламалық жасақтама фискализаторы 3.0.1
  • "REKASSA" бақылау-кассалық машинасы 3.0 нұсқасы
  • Басқа ФДО-нан kOFD-қа қалай ауысуға болады?
Басқа ФДО-дан ауысудың жеңілдетілген режимі іске асырылмайынша (жақында болады), Сізге кассаны ағымдағы ФДО-да тіркеуден шығару және шығару рәсімі сәтті аяқталғаннан кейін kOFD -да есепке қоюды жүргізу қажет. Егер БКМ тіркеуде тұрса және ол жаңғыртылуға жататын болса, онда оны шығарудың және салық органына қайта есепке қоюдың қажеті жоқ.
  • БКМ қайта тіркеу және есептен шығару

Жеке кабинетте кассаны қайта тіркеу үшін «Мекенжайды өзгерту» таңдау, қайта тіркеу парақшасында кассаны пайдаланудың ағымдағы мекенжайынан өзгеше басқа сауда нүктесін таңдау немесе жаңасын жасау қажет.

Сұранысты жіберу үшін келесі парақшадағы ЭЦҚ деректеріне қол қою қажет. Рәсім аяқталғаннан кейін пайдалану мекенжайы жаңасына өзгертіледі.

Кассаны есептен шығару үшін жеке кабинетте "кассалар" бөлімін таңдап, "көрсету" батырмасын таңдап, ашылған терезеде "..." батырмасын басу керек, "есептен шығару" әрекетін таңдаңыз, содан кейін алып тастау себебін көрсетіңіз. Сұранысты жіберу үшін келесі парақшадағы ЭЦҚ деректеріне қол қою қажет.

  • Егер мен тіркеу барысында қате деректерді көрсетсем не істеуім керек?
БКМ тіркеу процесі аяқталғаннан кейін зауыттық нөмірін редакциялау мүмкін болмайды. Сізге дұрыс тіркелмеген БКМ есептен шығару және дұрыс тіркеу деректерін көрсете отырып, жаңа кассаны қайта тіркеуден өту қажет.
  • Реквизиты
Бенефициар“Jusan Mobile” Акционерлік Қоғамы
Юрид.адрес050009, г.Алматы, ул.Радостовца уг.ул.Джамбула, дом 69/204а
РНН150800000329
IBAN (ИИК)KZ626017131000004591 (KZT)
БИКHSBKKZKX АО «Народный банк Казахстана»
БИН960340000405
КБЕ17
КПО139947
ҚҚС бойынша тіркеу куәлігінің сериясы, нөмірі және күні60001, №0069512 от 13.09.2012г
Физ.адресг.Алматы, ул.Радостовца 69/204а, мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік 960340000405
  • Тестовая площадка

На тестовой площадке kOFD доступна к совместному тестированию версия протокола 2.0.2 взаимодействия ККМ с ОФД https://dev.kofd.kz/. Описание протокола версии 2.0.2 (https://kgd.gov.kz/ru/content/primenenie-kontrolno-kassovyh-mashin-1) опубликовано в портале КГД МФ РК. Proto-файлы kOFD можно скачать по ссылке 202_proto_ktc.

По вопросам работы с протоколом на тестовой площадке просим писать в телеграм чат тестирования Ваших моделей ККМ. Если у Вас нет такой группы - напишите нам личным сообщением.